• БАСТЫ БЕТ
  • ПРЕССА
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау және сынамаларды жүргізу бойынша оқыту семинарын өткізді

Сейсенбі, 25 Маусым 2019 16:48

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау және сынамаларды жүргізу бойынша оқыту семинарын өткізді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау және сынамаларды жүргізу бойынша оқыту семинарын өткізді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның техникалык саясат және сапа департаменті мердігерлердің сапаны бақылау қызметтерінің, техникалық қадағалау қызметтерінің және облыстық филиалдары өкілдерінің қатысуымен жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау және сынамаларды жүргізу бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинар «Ұлттық жол активтерінің сапа орталығы» РМК-ы Ақмола облыстық филиалының және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ы Ақмола облыстық филиалының базасында өткізілді. Оған Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстары өкілдері қатысты.

Семинар бекітілген бағдарламаға сәйкес төмендегідей тақырыптар бойынша жүргізілді:
- Жұмыстардың орындалу барысы туралы құжаттамаларды дайындау
- Топырақ. Сынамаларды іріктеу, сынамаларды алу актілерін жасау, топырақ және тас материалдарының кіріс сапасын бақылау тәртібі.
- Құм, қиыршық тас, қиыршық тас қоспалары. Физико-механикалық сипаттамаларына қойылатын талаптар.
- Асфальтобетон қоспаларын таңдау.
- Полимер қиыршықтас-мастикалық асфальтобетон (ПҚМА) және қиыршықтас-мастикалық асфальтобетон (ҚМА).
Материалдарды сынау мен тәжірибелік дағдылар Ақмола филиалының «Ұлттық жол активтерінің сапа орталығы» РМК-ның зертханасында жүргізілді.

Сонымен қатар, полимер ҚМА және ҚМА, сондай-ақ асфальтобетон қоспалары бойынша физика-механикалық қасиеттері сынақтан өткізілді. Топырақ және тас материалдарының физикалық қасиеттері сыналды. Сынақтар Ақмола филиалының "Ұлттық орталығының жол активтерінің сапа орталығы" РМК-ы зертхана мамандарының қатысуымен өткізілді.

Leave a comment

You are commenting as guest.