Сәрсенбі, 07 Тамыз 2019 09:43

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ меморандумға қол қойды

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан қаласында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов пен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның бас директоры Рустам Сулейманов Қазақстан Республикасында табиғи газды мотор отыны ретінде пайдаланудың өндіру-өткізу инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша меморандумға қол қойды.

2018 жылы табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды арттыру және құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар кіретін салааралық жұмыс тобын құру туралы 2019-2022 жылға іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ мүдделі ұйымдардың бірі болып табылады.

Меморандумның мәні – тараптар бірлескен жобалардың, оның ішінде халықаралық «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының қазақстандық учаскесінде және республикалық маңыздағы автожолдарда көлікке газ құю бекеттері бар жол бойындағы сервистердің құрылысын жүзеге асыру туралы серіктестік.

9802

Меморандумға сәйкес тараптар 2019 жылғы 31-қазанға дейін маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Зерттеулердің нәтижесі бойынша табиғи газды мотор отыны ретінде пайдаланудың өндіру-өткізу инфрақұрылымы мен жол бойындағы сервистерді орналастырудың нұсқалары анықталады. Жоспар бойынша ҚР-ның газ тартылған өңірлерінде 100 (жүз) автогаз толтыру компрессорлық станциясының құрылысы көзделген. Дизельді отынды газға ауыстыру арқылы көлік шығындары азайып, экологиялық таза метан есебінен атмосфераға тигізетін зиянның көрсеткіші төмендеп, Еуропа-Қытай халықаралық автожолы үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Стратегиялық инвесторларды тарту арқылы салынатын жол бойындағы сервистердің құрамындағы «А» санатындағы кешендер Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында алғаш рет орнатылады.

9803

Leave a comment

You are commenting as guest.