Сейсенбі, 06 Тамыз 2019 09:45

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 950 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 369 адам қаза тауып, 1670 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Бүгінде жол апаттарының жиі тіркелуі, қаза тапқан және жарақат алған адам саны бойынша Қызылорда, Ақтөбе және Жамбыл облыстары тұр. Күре жолда жол-көлік оқиғаларының туындауына бірнеше негізгі себептер бар. Олар: белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру (345 ЖКО), маневр жасау ережелерін бұзу (115 ЖКО), қарсы қозғалыс жолағына шығу (109 ЖКО), қашықтықты сақтамау (75 ЖКО), көлікті мас күйінде басқару (25 ЖКО), шаршау немесе автокөлікті басқарғанда ұйықтау (19 ЖКО), басқа да себептер (денсаулығының нашарлауы, жол бермеу, белгіленбеген жерде жаяу жүргіншілердің жолдан өтуі, жаяу жүргіншілер өткелінің жүру ережелерін бұзу және т. б.) (262 ЖКО).

Жол-көлік оқиғасының көрсеткішіне уақыт пен жас ерекшелігі де әсер етеді. Мәселен, 12.00-ден 18.00-ге дейінгі (306) және 18.00-ден 24.00-ге дейінгі (274) аралықта көлік апаты жиі тіркеледі. Сонымен қатар, көлік апаттарының көпшілігі 20-дан 40 жасқа дейінгі жүргізушілер (501 ЖКО) себебінен туындайды. Ал 60 жастан асқан (51 ЖКО) және 20 жастан кіші жүргізушілер автожолдарда әлдеқайда мұқият деп айтуға болады (63 ЖКО).

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Кешенді мақсатты бағдарлама" қабылдаған. Аталмыш бағдарламаның аясында ағымдағы жылдың 1-жарты жылдығында келесі жұмыстар атқарылды:
- шұңқырларды жөндеу -467 032 м2;
- жол белгілерін орнату және ауыстыру-9 958 дана;
- жүру бөлігін белгілеу-19 726 км;
– қоршауларды орнату және жөндеу-26 120 П.М.;
- шу жолақтарын орнату 468 м2;
- жол буферлерін орнату 173 дана;
- жарықдиодты жол белгілерін орнату 55 дана;
- қозғалыс жылдамдығын өлшеуге арналған жабдықтар 4 дана;

2018 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда жол-көлік апатының көрсеткіші 4%-ға азайғандықтан, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ тарапынан қабылданған шараларды жыл соңына дейін жалғастыру жоспарланған. .

Осы мақсатта келесі жұмыстар жасалады:
1) 18 көлік айрығын салу:
-Теміртау- Қарағанды тас жолында– 3 бірлік,
- Қарағандының айналма жолында -4 бірлік,
- Нұр-сұлтан-Павлодар тас жолында-11 бірлік (1206-1251 км, Шідерті, Қарағанды, Байет), 4 бірлік 1251-1297 км (Екібастұз, 3-сорғы, Майқайың, Қарасу), 4 бірлік 1297-1343 км (Баянауыл, Қалқаман, Ақсу, Шекара);

2) 2 айналма жол салу:
Қарағанды қ. (Солтүстік-Шығыс айналма жол) және Қалбатау қ. айналасында транзиттік бағыттарда орналасқан
3) Қызылорда облысында 3 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салу;
4) Астана – Павлодар автожолындағы жүру бөлігіне жануарлардың шығуының алдын алу үшін 181 шақырым торлы қоршаулар орнату;
5) 425 бірлік жол буферлерін орнату.;
6) 7800 м2 жасанды жол кедір-бұдырлықтар мен Шу жолақтарын (шумовые полосы) орнату, жаяу жүргіншілер өткелдерінде 3797 м2 суық пластик орнату, 197 жарықдиодты белгілер мен қозғалыс жылдамдығын өлшеу үшін 34 жабдық орнату.

Leave a comment

You are commenting as guest.