• БАСТЫ БЕТ
  • ПРЕССА
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • «Жетібай-Жаңаөзен-Кендерлі-Түркіменстан Республикасының шекарасы» (Түркменбашы) автожолы 2019 жылы пайдалануға беріледі

Бейсенбі, 15 Тамыз 2019 10:21

«Жетібай-Жаңаөзен-Кендерлі-Түркіменстан Республикасының шекарасы» (Түркменбашы) автожолы 2019 жылы пайдалануға беріледі

«Жетібай-Жаңаөзен-Кендерлі-Түркіменстан Республикасының шекарасы» (Түркменбашы) автожолы 2019 жылы пайдалануға беріледі


Республикалық маңызы бар «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан Республикасының шекарасы (Түркменбашы)» автожолының 73 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Жұмыстар аяқталғаннан кейін автожол 4 жолақты, І «Б» техникалық санатының талаптарына сәйкес болады. Қазіргі таңда жұмысшылар жер қазу жұмыстарын аяқтап, жол жабынының төменгі және жоғарғы қабаттарын төседі. Учаскеде 25 темірбетон құбырлар орнатылды. Ағымдағы жылдың жоспары бойынша Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентінде жол-пайдалану учаскелерін қайта жаңарту және жаңа учаскелердің құрылысы көзделген.

Автожолды қайта жаңартуға 800-ге жуық мамандар мен 565 бірлік техника жұмылдырылды. Жол қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес күре жолдың бойында қоршаулар, учаске бойынша жаңа жол белгілері орнатылады.

Қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады.

7602

Leave a comment

You are commenting as guest.