Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 17:28

Республикалық автожолдардың жол қызметтері қарқынды режимде жұмыс жүргізуде

Республикалық автожолдардың жол қызметтері қарқынды режимде жұмыс жүргізуде

Қазіргі таңда ауа райының нашарлауының (қар, қарлы боран, көру шектеулігі) себебінен республикалық автожолдардағы барлық автокөліктер түріне 6 облыста шектеу қойылды: Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Шығыс-Қазақстан және солтүстік –Қазақстан.  Қар басу салдарын жою үшін 500 дана қар тазалайтын техника және 1200 адам жұмылдырылды. Өткен тәулікте 900 тонна тайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.
«Қазгидромет» РМӨ болжамы бойынша, 2018 жылдың 11 -13 қаңтар аралығында көптеген облыстарда қар жауу, қатты батыс және солтүстік –батыс желдері күтілуде, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жел, оңтүстікте және оңтүстік –шығыста тайғақ.  13 қаңтарда Қазақстанның көптеген бөліктерінде ауаның температурасы едәуір төмендейді.
Ескертеміз, 2017 -2018 жж. жалпы қыстағы  қамтамасыз етуде 130 мың м3 -тан аса құм және  13 мың  тонна тұз дайындалды.  194 өндірістік база, 106 қазандық, 139 жылыту пунктері және 84 тайғаққа қарсы материалдарды сақтайтын қойма жұмыс жасайды.
Барлығы қысты қамтамасыз етудегі жұмыстар бойынша 1300 дана техника дайындалды.
Көрсетілген шаралар жол қозғалысын қауіпсіздендіру және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында қолданылды.
Жол қызметтері үнемі жергілікті атқарушы органдармен, полиция әкімдігімен, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетімен өзара әрекеттесіп отырды. Жолдағы жұмыстарды жедел үйлестіру үшін ҚР Инвестиция және даму министрлігінің орталығында тәуліктік кезекшілік жүргізілуде.  
Жүргізушілер және жолаушылар тікелей республикалық маңызы бар автожолдардағы жаңартылған және өзекті ақпарат бойынша  қала телефон нөмірлеріне +7 7172 444 777, сонымен қатар диспетчерлік қызметтің ұялы телефоны және қосымша WhatsApp,+7 771 7444 777. Сонымен қатар автомобилді жолдардардың шектеулік картасы жұмыс жасайды, мекен жайы: http://kazavtodor.soft.kz/cr/map .
Жүргізушілерге кептен-көп өтініш, жылдамдық тәртібін және жолда ара қашықтықты, жүргізушілер ынтымақтастығын сақтаңыздар. Дауылды ескерту хабарламалары кезінде елді мекендерден шығуға барынша шектеу қою қажет.

Leave a comment

You are commenting as guest.