Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 18:04

Ербол Омаров «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы филиалының бастығы болып тағайындалды

Ербол Омаров «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы филиалының бастығы болып тағайындалды

2018 жылдың 3 қаңтарындағы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқару Төрағасының бұйрығы бойынша ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы филиалының бастығы болып Ербол Омаров тағайындалды.
Омаров Ербол Бахтиярұлы, 1985 жылы туылған, «Автомобильді жол, көпір және аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша автожол инженер-құрылысшы, М. Тынышбаев атындағы Көтік және коммуникация Қазақ академиясын бітірді.
2009 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Алматы университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылым комитетінде Техникалық саясат басқармасында жетекші маманынан бастаған.
2006-2007 жж. – Жол –көлік кешені Қазақ-Ресей университетінің жол бөлімінде жетекші маман.  
2007 жылдан 2011 жылға дейін ҚР Көлік инфрақұрылым комитетінің құрамында жұмыс жасаған.
2011 жылдың ақпанынан 2011 жылдың сәуіріне дейін –«Жол Сапа» ЖШС-да инженер.
2011 жылдан 2013 жылға дейін бизнес құрылымда жұмыс жасаған.
2013 -2017жж. – ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ  Шығыс –Қазақстан облысы филиал директорының орынбасары.
 2017 жылдың наурызынан қазіргі уақытқа дейін «Қазақавтожол» РМӨ директорының орынбасары.
«Автожол саласында үлесі үшін» медалмен, «Құрметті жолшы» төс белгісімен, «Батыс-Европа-Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыруда қатысқаны үшін  марапатталған.
Алдында ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы филиалы диреторы лауазымында болған Темірханов Нұржан Самиғоллаұлы өз еркімен жұмыстан босатылды.

Leave a comment

You are commenting as guest.