Жұма, 05 Шілде 2019 16:34

Инвестициялық конкурс

Инвестициялық конкурс

Бір кезеңдік, екі конверттік әдіс арқылы республикалық маңызы бар автожолдар бойынша төлемдерді қабылдау жүйесін орнатуға және оған қызмет көрсетуге бағытталған инвестициялық жобаларды іріктеу бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұйымдастыратын инвестициялық конкурс туралы
Хабарландыру

Нұр-Сұлтан қ., 01.07.2019ж.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) (010000, Нұр-Сұлтан қ., Emerald Tower БО, Қонаев көшесі, 10-үй, блок А, ресми сайт: www.kazautozhol.kz) бір кезеңдік, екі конверттік әдіс арқылы республикалық маңызы бар автожолдар бойынша төлемдерді қабылдау жүйесін орнататын және оған қызмет көрсететін инвестициялық жобаларды іріктеу үшін инвестициялық конкурс ұйымдастыратыны туралы хабарлайды.

Конкурстың талаптарымен «Конкурстық құжаттамада» танысуға болады. «Конкурстық құжаттама» ресми сайттағы «Серіктестерге» бөлімінің, «Инвесторлар үшін» бөлімшесінде орналасқан.

Конкурсқа қатысушылардың өтініштері 2019 жылғы 2-қыркүйек, 13 сағат 00 минутке дейін Ұйымдастырушыларға тікелей жіберіледі немесе «Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 10-үй, Emerald Tower БО, А блок, 34-қабат, 3411 кабинет» мекен-жайына пошта арқылы жолданады.
Конкурстық өтінішті берген кезде қатысушылардың өтініш беруге және өтініштерді ашу процедурасына қатысуға рұқсат беретін сенімхаттың түпнұсқасы немесе нотариалдық бекітілген көшірмесі болуы тиіс.

Конкурстық өтініштер салынған конверттер «Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 10-үй, Emerald Tower БО, А блок» мекен-жайы бойынша 35-қабаттағы конференц залда 2019 жылғы 2-қыркүйек күні 15 сағат 00 минутта ашылады.

Қосымша ақпаратты конкурс Ұйымдастырушыларынан білуге болады: 8 (7172) 64-87-45 - Сармуханбет Куралай.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ инвестициялық жобаларды іріктеу конкурсын жүргізу ережелерімен ресми сайттың «Серіктестерге» бөлімінің «Инвесторлар үшін» бөлімшесіне өту арқылы танысуға болады.

Leave a comment

You are commenting as guest.