Жұма, 16 Тамыз 2019 15:08

Жол сапасын жақсарту - заман талабы

Жол сапасын жақсарту - заман талабы

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-да «Газпромнефть-БМ» ЖШҚ-ның заманауи құрылыс материалдары ұсынылған техникалық сессия өтті.

Автомобиль жолдарының құрылысы, жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына арналған техникалық сессияның барысында «Газпромнефть-БМ» ЖШҚ және ресми дистрибьютор «БитОйл» ЖШС «QazAvtoJol» ұлттық компаниясына жолға арналған битумды, полимерлі-битум тұтқырды, битумнан өндірілетін заманауи материалдарды таныстырды. Аталмыш материалдар жол жұмыстарының жоғары технологиялық деңгейін қамтамасыз етіп, асфальтбетон жабындарының төзімділігін арттыратыны айтылды. Битум саласындағы оператор битум материалдарын пайдалануды «Нұр-Сұлтан-Бурабай», «Алматы-Қапшағай», «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автомобиль жолдарында тәжірибеден өткізіп көрген.

Сессия бағдарламасына сәйкес, теориялық бөлімінен кейін мамандар битум материалдарын жол нысандарында қолданып көрсетті. Материаларды пайдалану тәжірибесі «Нұр-Сұлтан-Щучинск» ақылы автожолдың 69-71 шақырымында жүргізілді. 69 шақырымдағы цементбетон жабынның оң жағында, 71 шақырымдағы жабынның сол жағында «БРИТ ПП-1» қоспасы және «БРИТ» қалпына келтіру қоспасы сыналды. Бұл қоспалар жабынның гидрофобизациясы мен автожолдардың пайдалануға жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Асфальтбетон жабынындағы жарықтардың герметизациясы үшін «БРИТ-А» битум-полимерлі ленталар пайдаланылды. Жүргізілген тәжірибенің нәтижелеріне байланысты аталмыш материалдарды еліміздің автожолдарында пайдалану немесе пайдаланбау туралы шешім мамандардың кеңесінен кейін қабылданады.

нанесение 1

лента

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ алдағы уақытта тәжірибе алмасу, жол құрылысына тиімді технологияларды енгізу саласындағы ұзақ мерзімді серіктестікке есік ашық екенін және тараптардың танытқан қызығушылығы үшін алғыс білдіретінін айтты.

Анықтама үшін: «Газпромнефть-БМ» битум материалдарын Ресей және шетел мемлекеттеріне автомобиль көліктерімен, темір жол көліктерімен жеткізеді. 2017 жылы компания өз өнімін Финляндия сынды дамыған мемелкеттерге және дамушы Боливия, Чили, Перу мемлекеттерінің нарығына  шығарған екен. Бұл өнім қарапайым асфальтбетонмен салыстырғанда әлдеқайда сапалы және ұзақ мерзім пайдалануға болатындықтан жол құрылысы саласында жиі қолданылады. Мұндай материалдардың көмегімен жолды күтіп ұстауға қажетті қаражаттың көлемі 60%-ға төмендеп, жолдардың пайдалану мерзімі 3-4 жылдан 7-10 жылға дейін артады делінген.

Leave a comment

You are commenting as guest.