• БАСТЫ БЕТ
  • ПРЕССА
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Атырау облысында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдарды тексерді

Бейсенбі, 30 Мамыр 2019 14:18

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Атырау облысында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдарды тексерді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Атырау облысында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдарды тексерді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов арнайы жұмыс сапарымен Атырау өңіріне келді. Сапары аясында Басқарма төрағасы «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолын жаңарту жұмыстарының барысын бақылады.

622

Жобаны жүзеге асырып жатқан бас мердігер компания «СинеМидасСтрой» ЖШС-нің өкілдері «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолындағы құрылыс жұмыстарының қарқыны туралы баяндады.

Атырау облысының жолшылары республикалық маңызы бар автожолдың 833-893 км учаскелерінде құрылыс жұмыстарын биыл бастаған. Аталмыш учаскелерде ұзындықтары 6 және 8 шақырым айналмалы жолдар пайдалануға беріліп, негізгі жолдарда жер төсемі салынуда. Бұл нысандағы жөндеу жұмыстарына 145 бірлік жол құрылыс-техникасы мен 210 адам жұмылдырылған.

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолын қайта жаңарту Қазақстан, Қытай, Ресей және Батыс Еуропа мемлекеттері арасында тауарлар мен жолаушылар транзитін жетілдіреді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай туғызатын болады.

623

624

Leave a comment

You are commenting as guest.