Сейсенбі, 14 Мамыр 2019 15:50

Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жолдарды бақылауына алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жолдарды бақылауына алды

Жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы аймақтың көлік-логистикалық әлеуетіне ерекше тоқталып, жергілікті жолдардың сапасын арттырудың маңызды екенін атап өтті.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, Орынбор тас жолын жөндеу жұмыстары, оңтүстіктегі - Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарында жол құрылысы басталғанын білемін. Үкіметке жергілікті әкімдікпен бірлесіп, 2021 жылдың соңына дейін осы жұмыстарды аяқтауды тапсырамын. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, Батыс Қазақстан облысы бойынша республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 1414 км құрайды. 2019 жылы «Подстепное - Федоровка- РФ шекарасы (Орынбор қ.)» 0 -144 км автожолында құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланған. Бүгінгі күні бұл нысан жобалау сатысында. Қайта жаңарту жұмыстарын толығымен 2021 жылы аяқтау жоспарланған.

Күрделі жөндеу жұмыстары «Чапаев-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы» 157-192 км, «Казталовка-Жәнібек» 0-165 км, «Өнеге-Бисен-Сайқын» 0-103 км автожолдарында жүргізілетін болады. Қазақстан-Ресей шекарасындағы Самара облысымен шектесетін «Сырым» өткізу пунктінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, 2019 жылдың қазан айында «Самара-Шымкент» автожолының 4 учаскесі орташа жөндеуден өтеді. Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту, күрделі, орташа жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары үшін 9,5 млрд теңге бөлінген.

Leave a comment

You are commenting as guest.