Сәрсенбі, 08 Мамыр 2019 19:42

«ҚазАвтоЖол» ардагерлерді құттықтады

«ҚазАвтоЖол» ардагерлерді құттықтады

9-мамыр "Жеңіс күніне" орай «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Орталық аппаратының қызметкерлері ардагерлердің үйін аралап, айтулы мерекемен құттықтады. Ұлттық компанияның атынан гүл шоқтарын ұсынып, қаржылай сыйлықтар табыстады.

Ең алдымен 92 жасты алқымдаған тыл ардагері Тұржанова Роза Хасанқызының баспанасына бас сұқты. Роза апамыз сұрапыл соғыс басталған сәтте 15 жасқа енді толып, қалалық ауруханада көмекші болып жұмыс істеген. Жаралы жауынгерлерге жәрдемдесе жүріп, жалынды жігер танытқан өрімдей бойжеткен 1942-1944 жылдары Ақмола қаласының қалалық ауруханасының қарауыл қызметінің бастығы болады.

Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары ішкі істер саласында қызмет атқарады. Артынша сот орындаушысы болып орналасып, бұл салада 40 жыл еңбек етіп, сол жерден зейнеткерлікке шығады. 37 жасында жесір қалып, жалғыз өзі 4 баланы асырап жеткізген.

331

Қатал тағдырдың талай сынынан қайсарлығымен сүрінбей өткен кейуана бүгінде "Ұлы жеңіс" мерекесін зор қуанышпен қарсы алатынын айтып, бата-тілегін жеткізді.

- Біз көрген қиындықты қазіргі ұрпақ көрмесін. Бастысы елімізде, әлемде бейбітшілк болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді тыл ардагері Роза Тұржанова.

Айта кетсек, «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамы Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін қамқорлығына алып, талай жылдардан бері қарайласып келеді.

Leave a comment

You are commenting as guest.