Жұма, 12 Шілде 2019 09:23

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолында 21 шақырым айналма жол ашылды

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолында 21 шақырым айналма жол ашылды

Қазақстан мен Ресей Федерациясын байланыстыратын «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» респбуликалық маңызы бар автожолды қайта жаңарту жұмыстары екі учаскеде жүргізіліп жатыр. Ол күре жолдың 833-853 шақырымы (ұзындығы 20 шақырым) және 853-893 шақырымы (ұзындығы 40 шақырым) аралығында.

Бірінші учаскеде 7 шақырым, ал екінші учаскеде ұзындығы 14 шақырымды құрайтын айналма жол ашылды. Бүгінгі таңда бірінші учаскеде 5 су өткізгіш құбыр орнатылды. Сондай-ақ, нысанда жер асты кабельдері мен газ құбырларын қайта орнату жұмыстары атқарылуда. Учаскедегі жұмыстарға 89 адам, 60 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Ал, екінші учаскедегі көпірлердің бойында бес технологиялық алаңның құрылысы аяқталды. Ескі жол жабынын ауыстыруға, газ құбырларын орнатуға 169 адам мен 117 бірлік жол-құрылыс техникасы тартылған. Шағырлы өзені арқылы өтетін көпірдің тірегіне 60 дана бағана орнатылды. Сонымен қатар, жұмыстың кестеге сәйкес орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қайта жаңартуға қажет құрылыс материалдары нысанға алдын ала жеткізілді.

Leave a comment

You are commenting as guest.