Жұма, 14 Маусым 2019 09:25

Самара-Шымкент автожолындағы орташа жөндеу жұмыстары жайында

Самара-Шымкент автожолындағы орташа жөндеу жұмыстары жайында

«Самара-Шымкент» автожолының 150 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 4 учаскеге бөлінген. Бүгінде «Асфальт» ЖШС мердігер компаниясы 408-448 км және 448-490 км учаскесінде жол жабындысындағы шұңқырларды жабу жұмыстарын бастады.

Ал, 330-408 шақырымындағы учаскеде мердігер компания «Бекет Сат Жол» ЖШС жолдағы шұңқырларды толық жауып, тегістеуші жабынды қабатын төсеу жұмыстарын атқаруда.

2019 жылы жоспар бойынша «Самара-Шымкент» автожолының 40 мың шаршы метр жол жиегі нығайтылып, 2 жылдамдық өлшеуіш құралы, 2 автопавильон орнатылады.

102

Leave a comment

You are commenting as guest.