Сенбі, 04 Мамыр 2019 17:51

«РФ шекарасы (Самара) – Шымкент» автожолындағы «Сырым» бекетінің жолы жаңарады

«РФ шекарасы (Самара) – Шымкент» автожолындағы «Сырым» бекетінің жолы жаңарады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Батыс өңірлік филиалының директоры Максим Есенгалиевпен бірге Қазақстан-Ресей шекарасындағы «РФ (Самара) – Шымкент» автомобиль жолының 196 шақырымындағы «Сырым» өткізу пунктында болды. Жұмыс барысында облыс басшысы бекетте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыс барысымен танысты.

61

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры және мердігер компания өкілдері облыс әкіміне жобаны таныстырып және жасалып жатқан жұмыстар жайлы толығымен айтып берді. Ағымдағы жылы «Сырым» автокөлік өткізу пунктін кеңейту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. Жөндеу учаскесінің мердігері «Техстрой БҚО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Жөндеу жұмыстарынан кейін шекара бекетіндегі жол 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, пунктте өткізу қабілеті 7-8 есеге артады.

«Пункт аумағы бейнебақылау жүйесімен және сканермен толық жабдықталатын болады. Нысанды 2019 жылдың күзінде аяқтау жоспарлануда», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Максим Есенгалиев.

Leave a comment

You are commenting as guest.