Сейсенбі, 13 Тамыз 2019 09:32

«Қалбатау-Майқапшағай» автожолын қайта жаңарту жұмыстарының барысы туралы

«Қалбатау-Майқапшағай» автожолын қайта жаңарту жұмыстарының барысы туралы

Шығыс Қазақстан өңіріндегі республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 415 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Құрылыс-монтаж жұмыстары өз мәресіне жеткеннен кейін автожол ІІІ-техникалық санаттан ІІ техникалық санатқа келтіріледі. Жоспар бойынша жолдың ені 9 метрге кеңейтіліп, толық 2 жолақты болады. Жоба аясында 242 су өткізгіш құбырдың, 47 көпірдің, 9-жол айрығының құрылысы және жол бойында жылыту пункттерін орнату көзделген. Учаскедегі мердігерлер – «СиньСин» ҚГК» ҚФ және «ҚазГерСтрой» ЖШС құрылыс консорциумы.

Бүгінгі таңда жолшылар ескі жол жабынын алып, жер қазу жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, айналма жолдың құрылысы да жүргізілуде. Ағымдағы жылы Қалбатау ауылын айналып өтетін жолдың 9 шақырымын ІІ техникалық санатқа келтіріп, 2-жолақ бойынша жол қозғалысын ашу жоспарланған.

Нысанда 670 білікті маман мен 380 жол-құрылыс техникасы жұмыс жасауда. 5 жылға жоспарланған «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының қайта жаңарту жұмыстары 2022 жылы аяқталады.

8402

Leave a comment

You are commenting as guest.