Дүйсенбі, 17 Маусым 2019 10:44

Ағымдағы жылы Алматы облысында 73,2 шақырым автожолда орташа жөндеу жасалады

Ағымдағы жылы Алматы облысында 73,2 шақырым автожолда орташа жөндеу жасалады

Биыл Алматы өңірінде республикалық маңызы бар жалпы ұзындығы 73,2 шақырым автожолда орташа жөндеу жұмыстары 4 учаскеде жүзеге асады.

Республикалық маңызы бар Р-19 «Алматы-Көктал-Байсерке-Междуреченский-Екатеринбург-Алматы» автожолынның ұзындығы 29 шақырым жол учаскесінде жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. Бүгінде ескі жабындыны фрезерлеу, тегістеуші қабатты төсеу, жолақтарды салу, жол жиегін нығайту және белгі бағаналарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ал, республикалық маңызы бар А-3 «Алматы-Өскемен» автожолының ұзындығы 18 шақырым учаскесінде жолшылар тас жолдың 76 мың шаршы метр жабынын фрезерлеп, 15 мың жолда борттық тастар орнатты. Аталмыш жұмыстар «Көкпек-Кеген-Түп» 68-74 км жолдарында да жасалуда.

Сондай-ақ, Алматы облысындағы А-5 «Ақсай-Чунджа-Көлжат» көлікжолының 90-105 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары үшін 800 т қара қиыршық тас дайын.

«Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» 137-154 км учаскесінде жолшылар суық ресайклинг әдісі бойынша орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Барлық жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталады деп жоспарлануда.

1022

Leave a comment

You are commenting as guest.