Сәрсенбі, 26 Маусым 2019 10:12

«Меркі–Бурылбайтал» (7-273 км) автожолын қайта жаңарту жұмыстары жайында

«Меркі–Бурылбайтал» (7-273 км) автожолын қайта жаңарту жұмыстары жайында

2019 жылдың мамыр айында республикалық маңызы бар «Меркі-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда 220-221 шақырымда жол жабыны фрезерленуде, ал 221-222 шақырымда жол жабынын орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жоба аясында күре жолдың бойында 276 су өткізу құбырлары, демалыс алаңдары, автопавильондар, 6 көпір мен 3 темір жол өткелі, жарықтандырылған 11 көлік айрығы салынады.

«Меркі–Бурылбайтал» автожолын қайта қалпына келтіру жұмыстарына 238 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 394 адам жұмылдырылған.

Жалпы ұзындығы 262 шақырым автожолды қайта жаңарту жұмыстары 4 учаскеде жүзеге асуда. Жоспарға сәйкес Меркі кентінен Шу қаласына дейінгі ұзындығы 86 шақырым жол учаскесі 4 жолақты қозғалысы бар І-ші техникалық санатқа келтіріледі. Өзге 3 учаскедегі автожол екі жолақты II-ші техникалық санаттағы жол болады.

Leave a comment

You are commenting as guest.