Дүйсенбі, 27 Мамыр 2019 10:17

«Қарағанды-Балқаш» автожолын жаңарту жұмыстары жайында

«Қарағанды-Балқаш» автожолын жаңарту жұмыстары жайында

Еліміздің басты автожолдарының бірі «Орталық-Оңтүстік» дәлізін қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 8 учаскеге бөлінген, жалпы ұзындығы 362 шақырым «Қарағанды-Балқаш» жобасын CITIC Construction Co.Ltd мен «СП «КазГерСтрой» ЖШС бірлесіп жасауда.

320

Қарағанды қаласынан Ақбастау ауылына дейін ұзындығы 41,4 км автожол учаскесінде жұмыстарды «ҚазГерСтрой» СП» ЖШС мердігерлік компаниясы жүргізуде. Жобаға сәйкес бұл аралықтағы жол 120 км/сағ жылдамдықта жүру рұқсат етілген 4 жолақты қозғалысы бар І-ші «Б» техникалық санатқа келтіріледі.

Сондай-ақ, күре жолдың бойында Жұмабек ауылының жанында айналма жол және 32 су өткізу құбырларын салу қарастырылған. «Қарағанды-Балқаш» автожолының осы учаскесінде 2 көпір, 7 ауыл шаруашылығы техникасының өтуіне арналған жолөткелі, 4 автобус аялдамасы, жүргізушілерге арналған 1 демалыс алаңы салынады. Бүгінде бұл нысандағы жұмыстарға барлығы 94 бірлік техникасы, 207 адам жұмылдырылған.

322

323

Leave a comment

You are commenting as guest.