Сәрсенбі, 14 Тамыз 2019 11:40

Ақылы жол учаскелеріндегі қауіпсіздік мәселесі

Ақылы жол учаскелеріндегі қауіпсіздік мәселесі

Жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру, сондай-ақ ақылы жолдардың сапасын жақсарту мақсатында «QazAvtoJol» ҰК АҚ-ның «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға арналған жұмыстар атқаруда.

Бүгінгі таңда ақылы автожолдарда жол-көлік апатының орын алуына бірнеше себептер бар.
Олар:
- жол қозғалысы жылдамдығын сақтамау;
- бір бағытта қозғалатын көліктер арасындағы қашықтықты сақтамау;
- көліктегі техникалық ақаулықтар;
- жүргізушілердің шаршауы;
- малдың жолға шығып кетуі;
- жаяу жүргіншілердің жолға шығуы.

7502

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақылы учаскелерде келесі жұмыстар атқарылуда:

«Нұр-Сұлтан - Щучинск» учаскесі бойынша:
- көліктің нөмірлерін (GRNZ) анықтау және автомобиль жолдарындағы қозғалыс жағдайын бақылау үшін 2017 жылы 83, 108, 146, 206 км орналасқан «аркаларда» арнайы камералар («Автоураган») орнатылды;
- жол бойындағы қоршаулары тармақталатын жерлерде жол тұғырлары (буфер) орнатылды;
- жолдың 20 км, 74 км және 230 км орналасқан 4 жарықдиодты тақтаның көмегімен жүргізушілерді жолдағы жағдай, ауа-райы және метеорологиялық жағдайлар туралы және пайда болған қауіптер (болған жағдайда) туралы ақпараттандыру.
- орташа жөндеу жұмыстарының аясында ағымдағы жылы үй жануарларын жолға шығармау үшін 6,7 мың м. қоршаулар орнатылды (61+130 оң жақта, 45+480, 45+975 оң жақта, 116+820, 150, 206+645, 210);
- ауа-райының өзгеруін қашықтықтан бақылау мақсатында 2014 және 2018 жылы ауыспалы ақпарат жарияланатын тақталары бар ауа райын болжайтын 4 автоматты станция орнатылды (73, 107, 146, 206 км).

7504
Нұр-Сұлтан-Теміртау учаскесінде:
- төлем қабылдау пунктіне кірер жолдың үстіне дыбыс жолақтары орнатылды;
- 1.24 «Максималды жылдамдық шегін азайту» жол белгілері орнатылды.

«Алматы - Қапшағай» учаскесінде:
- төлем қабылдау пунктіндегі жол бөліктерін бөлу жолақтарында жарық сигналдары (стробскоптар) орнатылды.

«Алматы - Қорғас» учаскесінде:
- төлем қабылдау пунктіндегі жол бөліктерін бөлу жолақтарында жарық сигналдары (стробоскоптар) орнатылды.
- төлем қабылдау пунктіне кірер жолдың үстіне дыбыс жолақтары орнатылды;
- екі жол айырығында жарықты шағылыстыратын КД-6 құрылғылары орнатылды.

Барлық учаскелерде тәулік бойы тексеру жүргізіледі, жол тазалайтын техникаларға (автогрейдер, КДМ) арнайы қондырғылар қойылып, жарықдиодты жол белгілері орнатылған. Жүргізушілермен байланыс орнату үшін WhatsApp және Telegram әлеуметтік желілерінде арнайы топтар ашылған, шаруа қожалықтары мен мал иелерімен үй жануарларын жолға шығармау туралы түсініктеме жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.

7505

Сонымен қатар, «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы ағымдағы жылы келесі іс-шараларды жоспарлауда:
- қосымша дыбыс жолақтарын және 1.24.2 («Максималды жылдамдық шегі») орнату;
- «Максималды жылдамдықты шектеу» қосымша көлденең жол белгілерін орнату, сонымен қатар төлем қабылдау пунктінде 4.2.3 «оң және сол жақтағы кедергілерді айналып өту» белгісін және 3.24 «төлем қабылдау пунктінде максималды жылдамдықты шектеу» жарықдиодты жол белгілерін орнату;
- жарықты шағылыстыратын KД-6 және KД-5 (LED) қосымша құрылғыларын орнату.

Leave a comment

You are commenting as guest.