Сәрсенбі, 26 Маусым 2019 15:04

Волейболдан жолшылар арасынан үздік команда анықталды

Волейболдан жолшылар арасынан үздік команда анықталды

2019 жылғы 22 маусымда Қазақстан жолшыларының арасында Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының Кубогіне арналған волейболдан жарыс өтті.

Жарыста «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы филиалы және Қазақстанның автожолшылар қауымдастығынан жасақталған командалар бақ сынасты.

Жарыстың нәтижелері бойынша жүлделі 1-ші орынды Қарағанды облысын филиалы өкілдері иеленді, 2-ші орынды Солтүстік Қазақстан облысы филиалының командасы қанжығаларына байлады. Ал Қазақстанның автожолшылар қауымдастығы 3-ші орынды иеленді.

Жүлделі орындар иеленген командалар және үздік спортшылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

FullSizeRender 26 06 19 12 03

IMG 4139 26 06 19 12 03

Leave a comment

You are commenting as guest.