Дүйсенбі, 14 Қаңтар 2019 18:41

2018 жылдың қорытындысы бойынша «Астана-Щучинск» ақылы автожолда 1 млрд. 539 млн. теңге жиналды

2018 жылдың қорытындысы бойынша «Астана-Щучинск» ақылы автожолда 1 млрд. 539 млн. теңге жиналды

Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ аппараттың жиналысы барысында «Астана-Щучинск» ақылы автожолында жиналған ақшалай қаражаттың қорытындысы жөнінде мәселені талқыға салды. Барлық жиналған қаражат ақылы учаскені күтіп-ұстауға, сондай-ақ төлемақы алу жүйесін жаңғыртуға жұмсалды.

2018 жылғы жалпы қарқындылық 2 809 993 көлік құралдарын құрады. 2017 жылмен салыстырғанда көлік құралдарының қарқындылық ағымы 1,9 %-ға көбейген. Алдын ала төлемақы беру бойынша алымдар 116,6%-ға көбейген. Алдын ала төлеу қызметін кеңейту бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен бірге, 2018 жылы алдын ала төлеу бойынша 139 611 транзакциялар жасалған, ол 2017 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 3 есеге артық көрсеткіш болып табылады. Алдын ала төлемақы төлеу үшін төмендегідей төлемақы жүйелерінің терминалдары: «QIWI», «Касса24», Киберплат, Теnge, «Каспий банк» интернет банкинг, «Сбербанк», «АТФ банк», «Halyk Bank» сервис payway.kz, kaztoll, Е100 май құю картасы, NFC технологиясы жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда Филиал қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерді (бұдан әрі – МТН), «Астана-Щучинск» ақылы учаскесін пайдаланушылар (жүк КҚ иелері)  тарапынан жасырған МТН-ді анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.КҚ туралы нақты деректер анықталғаннан кейін жол полиция қызметкерлерімен бірлесіп, аталған КҚ ұстау жұмыстары жүргізіледі. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша бірнеше ай ішінде жол полициясы органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы 21 хаттама жасаған, 5 КҚ келешекте көлік жүргізу құқығынан айыру арқылы мамандандырылған тұрақ орындарына (айыппұл тұрақтары) жіберілді, ұрланған МТН пайдаланғаны үшін 1 қылмыстық іс қозғалды, 2 көлік жүргізуші Филиал алдында 1 020 000 теңге сомасында берешегін өтеді. Жүргізілген жұмыстар оң нәтижесін беруде, КҚ МТН жасырған көлік жүргізушілерінің саны азайды, ол өз кезегінде ақшалай қаражаттың жиналуын арттыруға көмегін тигізді.

Сонымен бірге, 2018 жылы «Астана-Щучинск» ақылы учаскесін күтіп-ұстау және ағымды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілген болатын.

«Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалының техникалары дәл қазіргі уақытта қыс мезгілінде жолды күтіп-ұстау үшін дайын. «Астана-Щучинск» ақылы автомобиль жолын күтіп-ұстау және ағымды жөндеу үшін 75 мамандандырылған жол техникалары, оның ішінде 55 қар тазалауға арналған техникалар бар. Арнайы жол техникалармен ағымды жөндеу жұмыстары күнделікті тұрақты түрде жүргізіледі.

Жол бойында қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 2018 жылы демалыс орындарында 5 заманауи «KazWay» павильоны орнатылды. Аталған павильондар кәсіпкерлерге жалға берілді.

Leave a comment

You are commenting as guest.