• БАСТЫ БЕТ
  • ПРЕССА
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолын қайта жаңарту жұмыстарын тексерді

Жұма, 09 Тамыз 2019 15:39

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолын қайта жаңарту жұмыстарын тексерді

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолын қайта жаңарту жұмыстарын тексерді

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов іс-сапармен Ақтөбе өңіріне келді. Басқарма төрағасы Орталық Азияны Еуропамен және Ресей Федерациясымен жалғайтын «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» халықаралық дәлізінде жасалып жатқан жұмыстардың жайымен танысты. Қайта жаңарту жұмыстары жалпы ұзындығы 319 шақырымды құрайтын жер учаскесінже жүріп жатыр.

Қайта жаңартудан кейін «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» күре жолының ені 9 метрге кеңейтіліп, қозғалыс жылдамдығы сағатына 120 км дейін рұқсат етілген ІІ-ші техникалық санатқа келтіріледі. Жобаға сәйкес автожолдағы жөндеу жұмыстарын 7 учаскеде жүргізу жоспарланған. Бүгінде оның 1 учаскесінде жұмыстар толық аяқталса, 4-де жұмыстар жүргізілуде. Ал қалған екі 11-52 км және 52-100 км учаскелері бойынша (Ақтөбе-Қандыағаш) бас мердігерді анықтау үшін конкурс жүріп жатыр.

4871351

Қазір жолшылар жұмыс учаскелерінде көпір құрылыстарын және су өткізгіш құбырларды орнату, жол жамылғысының төменгі және жоғарғы қабаттарын төсеуде.

-Еліміздің дамуына елеулі үлес қосатын халықаралық тас жолды уақытында пайдалануға беру үшін жолшылар күні-түні еңбек етіп, бар күш-жігерін жұмсауда, - деді Ұлан Әліпов.

Leave a comment

You are commenting as guest.