Бейсенбі, 08 Тамыз 2019 10:21

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Атырау өңіріндегі қайта жаңарту жұмыстарын тексерді

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Атырау өңіріндегі қайта жаңарту жұмыстарын тексерді

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов іс-сапармен Атырау облысына келді. Басқарма төрағасы республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы (Астрахань)» автомобиль жолын жаңарту жұмыстарын тексеруде.

Қазіргі таңда автожолдың 833-853 км және 853-893 км учаскелерінде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бірінші учаскеде ұзындығы 11 шақырым уақытша айналма жол, ал екінші учаскеде ұзындығы 21 шақырым уақытша айналма жол ашылды. Бүгінде нысанда газ және су құбырлары орнатылды. 853-893 км учаскесінде жол табанының 6,6 шақырым төменгі қабаты, 3,5 шақырым жоғарғы қабаты төселді. Көпірлерде 5 технологиялық алаңдардың құрылысы аяқталды.

Екі учаскедегі жұмысқа 250-ден астам маман және 180-ге жуық жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Іс-сапары аясында Басқарма төрағасы нысандағы мердігер «СинеМидасСтрой» ЖШС-ң өкілдерімен кездесіп, автожолды қайта жаңартудың Қазақстан, Қытай, Ресей және Батыс Еуропа елдерінің арасындағы жолаушылар мен тауарлар транзиті үшін маңыздылығын ескертті.

Leave a comment

You are commenting as guest.