• БАСТЫ БЕТ
  • ПРЕССА
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автожолдардағы қайта жаңарту және құрылыс жобалары бойынша құжаттарды цифрландырады

Сәрсенбі, 31 Шілде 2019 17:30

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автожолдардағы қайта жаңарту және құрылыс жобалары бойынша құжаттарды цифрландырады

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автожолдардағы қайта жаңарту және құрылыс жобалары бойынша құжаттарды цифрландырады

2019 жылғы 31-шілдеде Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жолаушыларды тасымалдау, автомобиль жолдары және көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша кеңес өтті.

Күн тәрітібіндегі мәселелердің бірі – жемқорлық әрекеттерінің нөлдік дәрежесіне жету мақсатындағы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның қызметі.

KEE 9611

Кеңес барысында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліп баяндама жасады. Қазіргі таңда компанияда жемқорлық қаупін жою және алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығына назар аударды. Автожол жобаларының мониторинг үрдісі автоматтандырылды. Жобаның құрылыс-монтаж жұмыстарының барлық кезеңдерінде жүзеге асуы туралы ақпаратты ұсынатын бағдарламалық жасақтама енгізілді. Тұтынушылар жобалар бойынша ақпаратты онлайн тәртіпте алу үшін алдағы уақытта бұл ақпарат компанияның ресми сайтында қолжетімді болады.

Өндірістік үрдістерді толық бақылау және тәуекелдерді анықтау мақсатында ішкі және сыртқы құжат айналымы автоматтандырылды. «Битрикс 24» порталының негізінде жобаларды басқарудың заманауи жүйесін енгізу арқылы бизнес үрдістерді өзгерту жоспарланған. Бұл бизнес үрдістердің мердігер ұйымдармен бірігуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Компания жобаны жүзеге асыру барысындағы барлық әрекеттерді цифрландыруды және автоматтандыруды жоспарлауда. Барлық атқарушылық құжаттар электрондық форматқа ауысып, адамдық фактор шегеріледі.

Кеңестің соңында Басқарма төрағасы Ұлан Әліп онлайн брифинг тәртібінде барлық журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Leave a comment

You are commenting as guest.