Дүйсенбі, 05 Тамыз 2019 17:09

Жолшылар жарысы

Жолшылар жарысы

«Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесіне орай ҚР Индустрия және инфрқұрылымдық даму министрлігі спартакиада ұйымдастырды. Министрлік және оған қарасты құрылымдық ұйым қызметкерлері футбол, шахмат және үстел теннисінен бақ сынады.

Жарысқа 11 команда қатысты. Оның ішінде: «QazAvtoJol» ҰК» АҚ, «Мемсараптама» РМК, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, «ҚазҚСҒЗИ» РМК, «МемКадастр» РМК, «ҮТЖҒЗИ» ЖШС, ҚР ИИДМ Автомобиль жолдарының комитеті, «Сапа орталығы» РМК, ҚР СІМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитеті және т.б. мекеме қызметкерлері жарыстың көркін қыздырды.

2908

Компанияның орталық аппараты мен Ақтөбе, Қостанай облыстарының филиал қызметкерлерінен жасақталған «QazAvtoJol» ҰК» АҚ командасы футбол және шахмат бойынша сайысқа түсті. Спартакиаданың нәтижелері бойынша үздік ойыншылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ кең ауқымды спорттық сайыстардың ұйымдастырушыларына көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын сәттер сыйлағаны үшін алғыс білдіреді.

 

Leave a comment

You are commenting as guest.