Бейсенбі, 01 Тамыз 2019 15:57

QazAvtoJol жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау және сынақтарды жүргізу бойынша семинарын өткізді

QazAvtoJol жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау және сынақтарды жүргізу бойынша семинарын өткізді


Алматы және Ақтөбе қалаларында жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау және сынақтарын жүргізу бойынша оқыту семинар өтті. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның техникалық саясат және сапа департаменті ұйымдастырған семинарға медрігер ұйымдардың сапаны бақылау және техникалық бақылау қызметтерінің өкілдері, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстық филиалдарының өкілдері қатысты.

9004

Семинар барысында Еуропалық асфальтбетон және битумшылар қауымдастығының мүшесі Томас Фальво дәріс оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді

Ақтөбе қаласында материалдар мен қоспаларды сынаудың практикалық дағдылары "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Ақтөбе облыстық филиалының зертханасында филиал мамандарының және "UneedUs Group" компаниясының зертхана мамандарының қатысуымен өткізілді. Қиыршықтас-мастикалық асфальтбетонның және полимер қиыршықтас-мастикалық асфальтбетонның физика-механикалық қасиеттерін, сондай-ақ асфальтбетонды қоспаларды анықтау бойынша зертханалық сынақтар жүргізілді.

Жоспар бойынша «QazAvtoJol» ҰК» АҚ инфрақұрылым саласының сапасын бақылаудағы өзекті мәселелерді талдау және тәжірибе алмасуға бағытталған семинарларды жыл сайын ұйымдастыратын болады.

3

Leave a comment

You are commenting as guest.