Сенбі, 04 Мамыр 2019 09:38

«Щучинск-Зеренді» автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы аяқталады

«Щучинск-Зеренді» автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы аяқталады

«Щучинск-Зеренді» автожолы екі курорттық аймақты, сондай-ақ тұрғындар тығыз шоғырланған Златополье, Савинка, Веденовка, М.Ғабдуллин, Серафимовка және т. б. ауылдарды байланыстыратын күре жол.

Жалпы ұзындығы 80 км құрайтын көлік жолына қайта жөндеу жұмыстарын «Казахдорстрой» ЖШС жүргізуде. Бас мердігер жобаға сәйкес жол бойына 63 су өткізу құбырын, екі демалыс алаңын, 4 автобус павильонын, 15 км қар ұстайтын қоршаулар мен 14 км тосқауыл қоршауларын орнатуы тиіс. Сонымен қатар, Зеренді кентіндегі бағдаршам қиылыстарын және М.Ғабдуллин, Серафимовка ауылдарының жанынан өтетін автожолдың бойын жарықтандыруы керек. Осы жоба аясында Зеренді кентіндегі ДЭУ-73 (жолға қызмет көрсету кешені) және Щучинск қаласындағы ДЭУ-5 қайта құру қарастырылған.

54

Қайта жаңарту жұмыстары аясында «Щучинск-Зеренді» бағытындағы жол II-ші және III-ші техникалық санаттағы асфальт-бетонды екі жолақты автожол болады.

2019 жылы жолшылар көлік жолының 16 шақырымына төменгі қабатына асфальт-бетон, 32,4 шақырымына жоғарғы қабатына ұсақ түйіршікті асфальт-бетон төсеу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда жол-құрылыс материалдары толық көлемде дайын.

Бүгінде жер төсемдерін кептіру, жол жиектерін айналма жолға сәйкес келтіріп және айналма жолды салу үшін тасқын суларды бұру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Жобаны 2019 жылы толық аяқтау жоспарланған.

Leave a comment

You are commenting as guest.