Сәрсенбі, 29 Мамыр 2019 08:16

«Жетібай-Жаңаөзен» автожолын қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын

«Жетібай-Жаңаөзен» автожолын қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын

«Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы» автожолының Жетібай-Жаңаөзен бөлігінде 73 шақырымдық жолды жаңарту жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарлануда.

Бұл жол учаскесі екі бөлікке бөлінген. Бірінші бөлігі, яғни 35 шақырымдық учаскенің (0-35 км) басым бөлігінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Жолшылар тасжолдың 6 шақырымында ескі қабатты фрезерлеу, темір-бетон құбырларын орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін автожолдың аталмыш бөлігі 4 жолақты І-ші техникалық санатты жол болады. Жобаның бас мердігері «Аккорд/Ақжол Құрылыс» БК компаниясы.

421

Ал, «Жетібай-Жаңаөзен» тас жолының 28 шақырым (35-73 км) екінші бөлігінде жоба аясында Жаңаөзен қаласы мен Шетпе ауылының арасында ДЭУ (жол-пайдалану учаскесін) салу жоспарланған. Қазіргі таңда жолдың бұл учаскесінің төменгі және жоғарғы қабаттары төселіп, темір-бетон құбырлары орнатылуда. Құрылыс жұмыстарын «Дженгиз Иншаат» компаниясы атқаруда.

424

Leave a comment

You are commenting as guest.