Жұма, 05 Шілде 2019 09:25

«Жәйрем-Қаражал-Атасу» автожолын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

«Жәйрем-Қаражал-Атасу» автожолын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

2019 жылы Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар 85,7 шақырым автожолда және 8 су өткізгіш құбырларында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 25 шақырымында тасжол жабыны өңделсе, 54,7 шақырымы суық ресайклинг әдісімен жөнделеді, ал 6 шақырым жерге жаңа жол жабыны төселеді.

Бүгінгі таңда «Жәйрем-Қаражал-Атасу» автожолының 118-138 шақырым аралығындағы ұзындығы 20 шақырымдық учаскеде суық ресайклинг әдісімен жөндеу жұмыстары аяқталуда. Жұмыс барысында ескі жол телімінің 75% материалына жаңа материалды қосу арқылы 100% жаңа асфальтбетон жабыны төселді және жол жиектері толық нығайтылды. Сонымен қатар, 4 су өткізгіш құбырдың жөндеу жұмыстарын да кестеге сәйкес аяқтау жоспарланған.
Аталмыш автожолды жөндеу жұмыстарына 32 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 80 адам жұмылдырылған.

1901

Leave a comment

You are commenting as guest.