Дүйсенбі, 01 Шілде 2019 10:39

«Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы (Орынборға)» автожолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

«Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы (Орынборға)» автожолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

2019 жылдың маусым айында Ақтөбе өңірінде «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы (Орынборға)» автожолын орташа жөндеу жұмыстары басталды. Республикалық маңызы бар автожолдың 90-93 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары аясында жабынды фрезерлеу, ресайклинг, жол жабынын төсеу және жол жиегін нығайту жұмыстары жоспарланған.

Бүгінгі таңда асфальтбетон жабынының 2,4 шақырымы фрезерленді. 3 шақырым айналма жол салынды және рейсаклинг әдісімен жөндеу жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау үшін қажетті мөлшердегі жол-құрылыс техникасы мен сала мамандары жұмылдырылған.

Leave a comment

You are commenting as guest.