Жұма, 05 Шілде 2019 12:48

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ құрамасы халықаралық теңбіл доп турнирінде жүлделі орын иеленді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ құрамасы халықаралық теңбіл доп турнирінде жүлделі орын иеленді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ футбол құрамасы «Қазақ Өнеркәсіп-2019 ІІІ Халықаралық Кубогі» аясындағы күміс плей-оффта жүлделі 3-ші орынды иеленді. Аталмыш доп додасы өндірістік компаниялар арасындағы «дәстүрлі турнир» болып табылады.

флаг


Турнирге Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінен 16 команда қатысты. Биыл турнир Алматы қаласында ұйымдастырылды. Біздің футболшылар шілденің шіліңгір ыстыған қарамастан көздеген мақсаттарынан тайынбай, жүлделі орында қанжығаларына байлады.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ футбол құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында 2 ай бойы өткен «Көктем-2019» чемпионатының аясында қола медальді иеленді. Бұл жеңіс командаға күзгі чемпионатта «А» лигасында бақ сынауға мүмкіндік берді.


«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ футбол құрамасының бағындырар белестері көп болсын!

КМО

Leave a comment

You are commenting as guest.