Дүйсенбі, 12 Тамыз 2019 09:53

Ақылы учаскелерде төлем қабылдау пункттерінен жылдам өтудің жолдары

Ақылы учаскелерде төлем қабылдау пункттерінен жылдам өтудің жолдары

Қазақстандағы ең алғашқы ақылы автожол осыдан 6 жыл бұрын ашылған. Ағымдағы жылы олардың саны 4 учаскеге дейін жетті. Барлық ақылы учаскелерде төлем қабылдаудың заманауи пункттері орнатылған. Аталмыш пункттерден жылдам және қауіпсіздік талаптарына сәйкес өту үшін бірнеше қағиданы ұстану қажет.

Біріншіден, өзіңізге қажетті жолақты таңдаңыз. Жолақтардың жоғарғы жағында орналасқан жол белгілері мен цифрлық таблоларға назар аударыңыз. Жүк көліктері үшін арнайы жолақтар бар. Ал алдын ала төлемі немесе абонементі бар автокөліктерге арналған жолақ жасыл түске боялған.

51426

Екіншіден, жол қозғалысының ережелерін естен шығармаңыз. Төлем қабылдау пунктіне жақындағанда қозғалыс жылдамдығын жол белгілеріндегі көрсеткішке сәйкес азайту керек. Алдағы автокөлікпен Сіздің көлігіңіздің арасында 10 метр қауіпсіз қашықтықты сақтау да өте маңызды. Бұл жол-көлік оқиғасының алдын-алуға және автокөліктің санатын дұрыс анықтауға қажетті шаралардың бірі. Сонымен қатар, төлем қабылдау пунктінен жылдам өту үшін: көліктің нөмірлері таза, бүлінбеген және майыспаған болу керектігін естеріңізге саламыз.

Үшіншіден, төлемді алдын ала жасаудың тиімділігі туралы ұмытпаңыз. Төлем қабылдау терминалының қасында бағдаршам мен табло орнатылған. Автокөлік туралы ақпарат жүйеде анықталғаннан кейін таблоға автокөліктің нөмірі, төленетін қаражат сомасы және жеке шотта қалған қаражат туралы ақпарат шығады. Алдын ала төлем жасалған жағдайда бағдаршамның жасыл түсі жанып, шлагбаумдар ашылады. Егер жеке шотыңызда қаражат жеткіліксіз болса, қолма-қол төлем жасауға да болады. Терминал қағаз ақшаны, тиындарды және карточкаларды қабылдайды. Бұл жағдайда шлагбаумдар чекты алғаннан кейін ашылады.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз:

Телефон: 1403 (қалалық телефондар үшін), +7 (7172) 64-87-92, +7 (7172) 64-87-85
Ресми сайт: kazautozhol.kz
Пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Instagram: platnye_dorogi_kz
Telegram: @kazautozholbot

Leave a comment

You are commenting as guest.