Бейсенбі, 04 Шілде 2019 09:54

Республикалық маңызы бар жолдардың бойында қызмет көрсету сапасы жақсарады

Республикалық маңызы бар жолдардың бойында қызмет көрсету сапасы жақсарады

Бүгін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ұлан Әліпов пен «Baiterek Venture Fund» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Жандар Құтбай ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қос компания капиталға «Baiterek Venture Fund» екінші деңгейлі Сбербанк, Форте Банк, ЦентрКредит Банк, Альфа-банк, ВТБ банктермен бірігіп жүзеге асырылатын жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы аясында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

стол переговоров

Аталмыш бағдарлама екі бағытта жүзеге асырылуда: корпоративтік бизнесті қолдау және шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту. Бағдарлама аясында ШОБ өкілдері үшін, соның ішінде жол бойындағы сервис нысандарын ашуды жоспарлап отырған кәсіпкерлерге қаржыландырудың тиімді шарттары қарастырылған: ол жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8% құрайтын, қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін 1 млрд. теңгеге инвестиция беру. Қаржыландыру әртүрлі салаға, оның ішінде инфрақұрылым, қызмет көрсету және туризм бағытындағы жобаларға беріледі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тарапынан кәсіпкерлерге республикалық автожолдардың бойынан қызмет көрсету орындарын ашуға 650 алаң бөлініп отыр. Шағын және орта бизнес өкілдері ұлттық стандартқа сәйкес ол жерлерде А, Б, С және Д санаттары бойынша қызмет көрсетудің барлық бағыты қамтылған үлкен кешеннен бастап, шағын асханаға дейінгі бизнес нысандарды аша алады.

Алипов

Кутбай

Leave a comment

You are commenting as guest.