Жұма, 14 Желтоксан 2018 15:18

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫҚТАУ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті серіктестер және достар !


«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы атынан Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын !

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның экономикасы 20 есеге өсті. «Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанның инвестициялық келбетін көтерді және еліміздің көлік дәліздерін магистралды жолдармен қосты. Халықтың ынтымақтастығының арқасында біздің ел аз уақыттың ішінде таңқаларлықтай жетістіктерге қол жеткізді!

Бүгінгі салтанатты күнде Егеменді еліміз Қазақстан Республикасының көркейіп, гүлденуі жолындағы өркениеттілігімізді айқындайтын белгілердің бірі – автомобиль жолдарын салу, жаңарту, жөндеу саласындағы еңбектеріңізге сәттілік, жанұяларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық және зор денсаулық тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

Құрметпен, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Қизатов Ермек

Leave a comment

You are commenting as guest.