Дүйсенбі, 10 Маусым 2019 10:32

Биыл Ақмола өңірінде 148 шақырым жол жөнделеді

Биыл Ақмола өңірінде 148 шақырым жол жөнделеді

Ақмола облысындағы автожолдарды орташа жөндеу жұмыстары 10 учаскеге бөлінген. Жалпы ұзындығы 148 шақырым автожолда 2 жол өтпесі, 2 су өткізгіш құбыр және 2 бағдаршам орнатылады.

923

Бүгінде тегістеуші қабатты төсеу, су өткізгіш құбырларды орнату, жол жиегін бекіту мен жол таңбаларын салу бойынша қарқынды жұмыстар бірнеше учаскелерде жүргізіліп жатыр:

«Көкшетау – Атбасар» 102-158 км,

«Көкшетау-Рузаевка» 20-40 км,

«Макинск-Ақсу-Торғай» 0,95-22,95 км,

«Макинск-Ақсу-Торғай» 203,8-214, 220-220,8 км,

«Нұр-Сұлтан- Ерейментау-Шидерті» 130-162 км,

«Нұр-Сұлтан қ. айналып өту» 9-22,9 км,

«Нұр-Сұлтан – Петропавловск-Бурабай» 10-21 км,

«Нұр-Сұлтан қ. айналып өту» 46,2-52 км,

М-36 «(Екатеринбург) - Алматы» 1232-1246 км.

Жоспар бойынша, осы маусымда жолшылар «Көкшетау қ.айналып өту» 15 км мен «Көкшетау-Рузаевка» 9 км орналасқан 2 жол өтпесін жөндейді. Нысанда өтпелі плиталар, тосқауыл қоршаулар, деформациялық жіктер ауыстырылып, жол өтпесімен түйісетін жол жабынындағы ақаулар жойылады. Қазіргі таңда жол өтпесін орташа жөндеу жұмыстарының 60% аяқталған.

Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы барлық жөндеу жұмыстары толық және уақытылы жүзеге асырылуда.

922

Leave a comment

You are commenting as guest.