Сәрсенбі, 29 Мамыр 2019 09:16

2019 жылы Ақтөбе облысында 214 шақырым жол қайта жаңартылады

2019 жылы Ақтөбе облысында 214 шақырым жол қайта жаңартылады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов Ақтөбе облысында қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатқан жолдардың жағдайымен танысты.

Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың жалпы ұзындығы 1892 шақырымды құрайды. Оның ішінде 214 шақырымда қайта жаңарту жұмыстары, 73 шақырымда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

525

Басқарма төрағасы алғашқы болып «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолының 100-160 км учаскесінде болды. Бұл автожол Ресей Федерациясына жол ашатын «қақпа» және Орталық Азияны Еуропамен байланастыратын маңызды халықаралық дәліз болып табылады.

Халықаралық транзиттік дәлізді қайта жаңарту жұмыстары Қазақстан, Қытай, Ресей және Батыс Еуропа мемлекеттері арасында тауарлар мен жолаушылар транзитін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өңірлік сауда дамып, жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін автокөлік жағдайлары жақсарады деп жоспарлануда.

Жобаға сйкес аталмыш жолдың ені 9 метрге кеңейтіліп, 120 км/сағ қозғалыс жылдамдығы рұқсат етілген ІІ-ші техникалық санатқа келтіріледі. Жөндеу жұмыстары 7 учаскеге бөлініп жүргізілуде. 1 учаскеде жұмыстар аяқталып, 4 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

Іс-сапар аясында Ұлан Әліпов «Қандыағаш-Мақат» күре жолының да құрылыс жұмыстары барысымен танысты. Нысанда бас мердігер «Тодини Коструциони Дженерали» ААҚ (Италия) және «СПИК Аккорд» ААҚ (Әзірбайжан) компанияларының өкілдерімен жүздесті. Жалпы ұзындығы 156 шақырымды құрайтын 160-220 км, 236-275 км, 275-330 км учаскелерді қайта жаңарту үшін Азия даму банкі іспеттес Халықаралық қаржы институттарынан қаражат тартылды. Қазіргі таңда, аталмыш учаскелерде асфальт-бетон жабындыны фрезерлеу, айналма жолды салу, жер төсемін және геотекстильді төсеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін, 3 учаскеде 7 көпір мен 85 су өткізгіш құбырлар орналастырылады.

Басқарма төрағасы жұмыс сапары барысында Ақтөбе облыстық филиалына және мердігер компания басшыларына жұмыстың уақытылы тапсырылу керектігін ескертті.

524

Leave a comment

You are commenting as guest.