Жұма, 17 Наурыз 2017 10:02

«Астана-Павлодар» жолы учаскесін қайта жаңарту бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жиналыс өтті

«Астана-Павлодар» жолы учаскесін қайта жаңарту бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жиналыс өтті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрілігінің вице-министрі Скляр Р.В. және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қизатов Е.А. төрағалығымен іс-шара өтті. Сонымен қатар, жиналысқа «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалдарының директорлары, мердігерлік ұйымдардың және техникалық бақылау қызметінің басшылары шақырылды.
Жиналыс барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Т.Ж. Меңдіғалиевтің баяндамасы тыңдалды.
Ұзындығы 441 шақырым Астана-Павлодар учаскесінің жұмыстары мемлекеттік инфрақұрылымдық даму Орталық-Шығыс дәлізі шеңберінде «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес жүзеге асуда. 2013 жылы қайта жаңарту жұмыстары басталған. Ол 265 шақырым асфальтбетонмен және 176 шақырым цементобетонмен төселген І-техникалық категориялы жолға ауыстыруды қарастырады. Астана-Павлодар қайта жаңартылатын жол бөлігі 15 учаскеге бөлінген, оның ішінде 3 учаскесі немесе 59 шақырымы пайдалануға берілген, яғни 36-58 шақырым Павлодар қаласының батыс айналымы және Ертіс өзені арқылы көпір болып табылады.

14681023 704276503058127 2845235443736330920 o2017 жылы 12 жол учаскесінде жұмыстар жалғасуда. Жыл қорытындысы бойынша 133 шақырым жол жабынын төсеуді, учаскенің барлық ұзындығы бойынша қозғалысты ашуды және 171 шақырым жолды пайдалануға беруді жоспарлауда. Жұмысты толық аяқтау 2018 жылға жоспарланып отыр.
Сонымен бірге, 2017 жылы жалпы ұзындығы 555 шақырымды құрайтын 7 бағыт бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда. Оның ішінде: Таскескен-Бақты, Щучье-Зеренді, Бейнеу-Ақжігіт, Қордай асуын айналып өту 2-іске қосатын кешен, Үшарал-Достық, Өскемен – Зырян – Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман бұлағы, Қостанай-Қарабұтақ.

Leave a comment

You are commenting as guest.