Бейсенбі, 03 Қаңтар 2019 12:18

Қарағанды облысында жол-пайдалануды басқару кешендері пайдалануға берілді

Қарағанды облысында жол-пайдалануды басқару кешендері пайдалануға берілді

Осакаровка кентіндегі ЖПБ қайта жаңарту «Астана-Қарағанды-Балқаш-Теміртау» дәлізін қайта жаңарту шеңберінде қолданыстағы ЖПБ базасында жүргізілді. ЖПБ кешеніне жылы бекеттерімен әкімшілік ғимараттар, жөндеу-механикалық шеберханалар, жол жағдайларына қарай элементтерді жөндеу бойынша шеберханалар, қоймалар, құм тұратын қоймалар, қазандық, жылы тұрақтар, жеңіл көліктерге арналған тұрақтар кіреді. Осакаровкадағы ЖАБ Анар-Баймырза учаскесі, 1353,5-1418,6 км, ұзындығы 65,1 км, І-а техникалық санатындағы, цемент-бетон жабындысы төселген учаскесі пайдалану қызметін көрсетуге арналған.
Сонымен бірге, Ошағанды кентіндегі «С» санатындағы жылу бекетімен қызмет көрсету объектісі пайдалануға берілді.
Қайта жаңартылған объектіге 30 орынға арналған қонақ үйі, 50 орынға арналған қоректену бекеті, әкімшілік ғимарат, медициналық бекет, санитарлық бөлме, 10 орынға арналған жылы гараждар, ірі габаритті жол техникалары, техникалық қызмет көрсету станциялары, демалыс алаңдары, көлік жуу орындары, қоғамдық және жүк автокөліктеріне арналған тұрақ орындары және т.б.  кіреді.
Объект заманауи тұрмыстық жабдықтармен (теледидарлар, мұздатқыштар, кір жуатын машиналар, ас үйге арналған плиталар) жарақтандырылған, бөлмелер жиһаздар мен телефондармен жабдықталған.
Жер учаскесінің жалпы ауданы 3 га құрайды.

190103 2

190103 2

190103 2

190103 2

 

Leave a comment

You are commenting as guest.