Сейсенбі, 11 Желтоксан 2018 17:28

Елбасының жалпыұлттық телекөпір барысында «Орал-Тасқала-РФ шек.» автожолының қозғалысы іске қосылды

Елбасының жалпыұлттық телекөпір барысында «Орал-Тасқала-РФ шек.» автожолының қозғалысы іске қосылды

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында «Индустриализациялаудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпір өтті. Іс-шаралар шеңберінде, барлық ел бойынша онлайн режимінде жаңа индустриалдық, инновациялық, инфрақұрылымдық жобалар жіберілген болатын. Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында, Елбасының тікелей диалогы режимінде ұзындығы 100 шақырым болатын «Орал-Тасқала-РФ шек.» автожолы бойынша қозғалысты іске қосты.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Ермек Қизатов «Орал-Тасқала-РФ шек.» автомобиль жолын қайта жаңарту обьектісі бойынша онлайн режимінде хабарлады. Дәл қазіргі уақытта учаскедегі негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Автожол ені 9 метр болатын 2 жолақтан тұратын ІІ техникалық категория және осьтегі жүктемесі 13 тонна нормативімен салынды.Осыған байланысты қозғалыс қаркыны 2 есеге асып, ал автокөлік транзиті 2 есеге көбейеді. Дәліз Қазақстан және Ресей облыстарының шекарадан тыс автомобильдердің сапалы қатынасын қамтамасыз етеді, жалпы макроөңірлердің дамуына көмегін тигізеді және екі елдің нарығындағы отандық тауарлардың экспорты мен импорты күшейетін болады.
Сонымен бірге, РФ шекарасындағы «Тасқала» кедендік бекетіндегі жол жабындысын кеңейту жұмыстары жүргізілді, бұл келешекте РФ шекарасындағы жүріп өту қабілеттігін арттыруға және көліктердің жиналып қалуын болдыртпауға әсерін тигізеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы ұзындығы 73 км болатын жол жиектерін бекіту жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ ұзындығы 22 км болатын барьерлік қоршаулар қойылды. Бұнымен қоса, обьектілерде жүргізушілер мен жолаушылар үшін жол белгілерін, 5 демалыс алаңдарын, 6 автопавильон орнату жұмыстары жүргізілді. Жол жобасын іске асыру кезінде 464 адам жұмысқа тартылып, 240 бірлік техника жұмылдырылды. Республикалық маңызы бар автожолды қайта жаңартуға барлығы 20 млрд. теңге қаражат бөлінген болатын.

Ермек Қизатов пайдалануға беру үшін учаскенің дайын екендігі туралы Елбасына хабарлады.

Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы «Нұрлы Жол» бағдарламасын орындау туралы сөйлеушілердің есебін қабылдап, «Орал-Тасқала-РФ шек.» автожолы бойынша қозғалысты іске қосты.

Айта кететін жайт, жыл сайын Үкімет өңірлердің телекөпір форматында Индустриалдық-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы Елбасына есеп береді.

181211 2

Leave a comment

You are commenting as guest.