Сәрсенбі, 10 Шілде 2019 10:40

Нұр-Сұлтан қаласында әуежайға дейінгі жол учаскесі ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында әуежайға дейінгі жол учаскесі ашылды

«Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы» нысанының әуежайға апаратын жол учаскесінде қайта жаңарту жұмыстары аяқталды.

Автожолдың жаңа учаскесі І-техникалық санатқа жатады. Жоба бойынша жоспарланған 8 қозғалыс жолағының 4 жолағы пайдалануға берілді. Өзге 4 жолақтың құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Учаскенің құрылысы барысында жоғары беріктілікпен ерекшеленетін шақпақтасты-мастикалық асфальтбетон қолданылды.

Жалпы ұзындығы 34,4 шақырымды құрайтын «Астана қ. айналма жолы» жобасын жүзеге асыру елорданың көлік жүйесінің жүктемесін азайтады, жолаушылардың уақытын үнемдейді және Нұр-Сұлтан қаласындағы экологиялық жағдайға да игі әсерін тигізеді. Нысандағы жұмыстардың толық аяқталуы 2020 жылға жоспарланған.

Leave a comment

You are commenting as guest.