Сейсенбі, 14 Мамыр 2019 15:08

Павлодар облысында «Омбы-Майқапшағай» автожолының орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

Павлодар облысында «Омбы-Майқапшағай» автожолының орташа жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

Бүгін, 2019 жылғы 14 мамырда «РФ шекарасы (Омбы) - Майқапшағай» автожолы учаскесінде жаңарту жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Павлодар-Тереңкөл-Железинка-Омбы бағыты бойынша, 208-227, 293-299, 307-309 шақырымдарында жаңа асфальт жабынды салынды. Бас мердігер «ПКФ Гордорстрой» ЖШС. Жолшылар жалпы ұзындығы 27 км жаңа асфальт төсеуді және фрезерлеу әдісімен орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Құрылыс учаскесіне 60 бірлік жол жөндеу техникасы мен 80 адам жұмылдырылған болатын.

552

2019 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалы жалпы ұзақтығы 146 км құрайтын республикалық маңызы бар 8 автожол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Leave a comment

You are commenting as guest.