Жұма, 02 Тамыз 2019 10:16

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы уақытша өзгертілді

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы уақытша өзгертілді

Республикалық маңызы бар А-31 «Чапаево-Жалпақтал-Қазталовка-Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 157-192 км учаскесіндегі күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша айналма жолдар ашылды. Уақытша қозғалыс негізгі жолдың оң жағынан 163-170,2 шақырым аралығында ұзындығы 7,2 шақырым айналма жол арқылы жүзеге асуда. Ағымдағы жылы айналма жолды 163 шақырымнан бастап 178,5 шақырымға дейін ұзарту жоспарланған.

1104

Сонымен қатар, Р-44 «Қазталовка-Жәнібек-Ресей Федерациясының шекарасы» күре жолының бойында 4,8-8,4 шақырым аралығында, жалпы ұзындығы 3,6 шақырым уақытша айналма жол ашылды. Айналма жол негізгі жолдың оң жағында орналасқан. Биыл айналма жолдың ұзындығын 9 шақырымға дейін ұзарту жоспарланған.

Барлық айналма жолдарда жол қозғалысының жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспауы тиіс. Жабық жол учаскелерінде арнайы жол белгілері орнатылған. Жол қозғалысының ережелерін сақтау сіздің қауіпсіздігіңіз үшін маңызды!

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз

Leave a comment

You are commenting as guest.