• БАСТЫ БЕТ
  • ПРЕССА
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 2019 жылы «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шек.» автожолдың қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр

Жұма, 08 Ақпан 2019 19:01

2019 жылы «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шек.» автожолдың қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр

2019 жылы «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шек.» автожолдың қайта жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шек.» 0-85 км автожолдың қайта жаңарту алаңында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тугжанов болды.

Іс сапары барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы филиалының директоры Ербол Омаров 2018 жылғы Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту бойынша жүргізілген жұмыстар және 2019 жылғы жоспарлар жөнінде айтып өтті.

«Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы (Нүкістағы)» республикалық маңызы бар автомобиль жолы маңызды көлік инфрақұрылымының объектісі болып табылады.  Осы автомобиль жолы арқылы Құрықтан басқа елдерге жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Жол екінші санатты, ұзындығы 85 шақырымды құрайды, Өзбекстан шекарасынан бастап Бейнеу ауылы арқылы өтетін болады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша коммуникацияларды қайта орнату, жол қабаттарын төсеу, су құбырларын жүргізу, ЖПБ салу жұмыстары орындалды. Жұмысқа 237 техника, 471 жұмысшы жұмылдырылды. Автожолдың аталған учаскесі жоғары қарқынды қозғалыспен ерекшеленеді, сондықтан жақсы өтімділік қабілеттігін қамтамасыз ету қажет.

Жобаға сәйкес 2019 жылы «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» учаскесін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

190208 2

190208 2

 

Leave a comment

You are commenting as guest.