Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 17:42

Жаңабай Қобыландин «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облысы филиалының бастығы болып тағайындалды

2018 жылдың 3 қаңтарындағы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқару Төрағасының бұйрығы бойынша ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облысы филиалының бастығы болып Жаңабай Қобыландин тағайындалды.
2013 жылдан 2017 жылға дейін бұл лауазымды отырған Бағлан Баймагамбетов зейнеткерлік жасқа келуіне байланысты өз еркімен босатылды.
Б.Баймагамбетов  автожол саласында үлкен тәжіриебесі бар. Әртүрлі уақытта Көлік инфрақұрылымдық даму комитетінің Ақтөбе басқармасында еңбек еткен, Автомобилді жол комитетінің Ақтөбе департаментінің директоры қызметін атқарды.
«Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Құрметті жолшы» (2005 ж.) , «Астана» (2007 ж.), «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) медалдарымен, «Құрмет» (2008 ж.) орденімен және  «Батыс-Европа-Батыс Қытай»  (2013 ж.) төс белгісімен марапатталған.


«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқару Төрағасы Ермек Кизатов филиал ұжымымен кездесу кезінде Бағлан Баймагамбетовке жемісті еңбегіне және жақсы жұмысына алғысын білдірді және жаңа директорды  таныстырды.  
Қобыландин Жаңабай Нагимұлы, 1959 жылы туылған, «Инженер-механик» мамандығы бойынша Қазақ ауыл шаруашылық институтын және»Инженер-жол құрылысшы» мамандығы бойынша Көлік және коммуникациялық Қазақ академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы «Қазауылшаруамеханизация»  ҒӨҚ –да инженер-құрастырушы.
1993-1998 жж. «Шалқар» өндірістік кооператив бақаруының диреторы, содан кейін төрағасы.
1998-1999жж. «Жаңа жол» ЖШС директоры.
1999 жылдан 2008 жылға дейін «Қазақавтожол» РМҚӨ Ақтөбе облысы филиалының өндіру бойынша директордың орынбасары, бас механигі, кейін директоры.  
2008-2011 жж. «Қазақавтожол» РМҚӨ Ақмола облысы филиалының директоры.   
2011-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобилді жол комитетінің Ақмола облыстық департаментін басқарды.  
2013 жылдан бастап қазіргі таңға дейін бизнес-құрылымда басшы лауазымында болды.

 

Leave a comment

You are commenting as guest.