Сейсенбі, 28 Мамыр 2019 11:49

Қазақстан азаматтары автожолдың бойында өз бизнесін аша алады

Қазақстан азаматтары автожолдың бойында өз бизнесін аша алады

Республикалық маңызы бар автожолдардың бойында өз бизнесін ашуға ниет білдірген инвесторлардың назарына! Қоғамдық тамақтану орындарын, мотельдер және жол бойындағы өзге де қызмет көрсету кешендерін салу бойынша бизнес-жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін небәрі 3 қадам қажет.

Республикалық автожолдардың бойындағы жол сервисін дамыту аясында «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Сіздердің назарларыңызға жол сервисі объектісін ашу бойынша нұсқаулықты ұсынады.

І. Бизнесті тіркеу:

1. egov.kz сайтына кіріп, ЭСҚ арқылы авторизациядан өтіңіз;

2. «Бизнес» бөліміне кіріңіз;

3. «Бизнесті тіркеу және дамыту» қызметін таңдаңыз;

4. (http://egov.kz/cms/kk/atricles/business_registration/ip-registration) нұсқаулығын қолданыңыз.

ІІ. Жер учаскесін алу:

1. Облыстық әкімдіктің «Жер қатынастары» бөліміне өтінім беру;

2. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-мен келісу (2475-2014 ҚР СТ Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес жол сервисі объектісінің эскизді жобасын ұсыну қажет);

3. Жер учаскесі аукционына қатысу;

4. Аукцион нәтижелері бойынша шарт жасасу.

ІІІ. Қызмет көрсету ғимаратын жол бойына орналастыру үшін «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-нан техникалық рұқсат алу:

1. Egov.kz сайтына кіріп, ЭСҚ арқылы авторизациядан өтіңіз;

2. «Кірме жолдары және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға келісу» қызметін табыңыз;

3. Порталға келесі құжаттарды жүктеңіз:(өтініш, жоба құжаттамасы, жеке басты куәландыратын құжат).

321

Leave a comment

You are commenting as guest.