Ақмоншақ
Ақмоншақ
Оффлайн
Құрметті Қазавтожол акционерлік қоғамы. Алматы-Бішкек тасжолы , Алтынорда базарынан кейінгі жолда әр күн сайын мыңдаған адам өмірін қауіп қатерге тігіп жүріп өтеді. Көпір жұмысының жүргізіліп жатқанына бір жылдан асты. Көпірдің жан-жағындағы жолды жөндеу үшін міндетті түрде қаза-бәле болуы керек пе? Жолдың ойлы қырлы жерлерінен ішек қарнымыз ақтарылайын деп зорға жүреміз, тілімізді кәлимаға келтіріп. Шамалған, Қаскелен. Асыл арман тұрғын үй кешенінде тұратын және басқа да 100 мыңнан астам тұрғын сол жерлермен күн сайын қалаға келіп кетеді. Мен осы хатты әкімшілікке жазып едім, Алматы қаласының меншігіне кірмейтінін , сіздердің жауапкершіліктеріңізде екенін хабардар етті. Менің сұрғым: Көпір жұмысы қашан аяқталады және жолды қашан жөндейсіздер? Бөлінген ақшаны дұрыс бөліп жұмсамасаңыздар 40 жылда да бітпес. Өздеріңіз таңертең немесе кешке сол жолмен жүріп көрсеңіздер қаншама халықтың жан айқайын білетін боласыздар. Құрметпен қала тұрғыны Тұрысбекова А.Е.
Ответы (0)
  • В этом обсуждении пока нет ответов
Ваш ответ