Тақырыбы: Астана қаласын айналмалы жол бойында бағдаршам (светофор) қою жөнінде

Құрметті Талгат Назымбекович!
Қайырлы күн! Мен Қызылсуат (Ақмола облысы, Целиноград ауданы) ауылында тұрамын. Өтінішім 1) сол Қызылсуат ауылына кіре берістегі жолға-Астана қаласын айналмалы жолмен қиылысуында бағдаршам (светофор) қою жөнінде мүмкіндіктерді қарастырсаңыз.
2) Және әрі қарай айналмалы жол (объездная трасса) арқылы қалаға кірер жерде де (Тельман жағынан аэропортқа бұрылатын жерде) светофор қойса екен деген өтініш.
Нақтырақ түсінікті болу үшін, тіркемеде, мен өтініп тұрған бағадаршамдарды қою орындарының картадаға скрин шотын жіберіп отырмын.
Мен және менің отбасым күделікті осы жол арқылы жиі ауылдан қалаға қатынап жүреміз, кішкентай балдарымызбен бірге. Сол кезде осы жол қиылысуларында қорқамын. Машиналар 90км/сағ жылдамдықпен жүреді. Екі қарама қарсы жолды бөліп тұратын қоршаудан кейде қарсы беттегі машиналар көрінбей тұрады. Осының бәрі қауіпті жол жүрген адамға. Бұл екі қиылысуда да бағадаршам жоқ, сонымен бірге жылдамдықты азайту жол белгілері де жоқ. Сол аралықта жиі тұман болып тұрады.
Осы өтінішті қарасытырып жауап берсеңіз алғыспын.

Тіркеме: екі бағдаршам орнатуды қажет ететін орындар белгіленген картанын скрин-шоты – 1 бет.

Құрметпен,
Есбатыр Ардақ Мұратұлы
Ответы (0)
  • В этом обсуждении пока нет ответов
Ваш ответ