Другие электронные СМИ

«Теміртау-Қарағанды» трассасы бөлігін қалпына келтіру 2018 жылы аяқталады

Другие электронные СМИ

Биылғы жылы «Қарғанды-Теміртау» тас жолында цемент-бетон қаптамасы максималды түрде екі жағынан төселеді, толығымен қалпына келтіруді 2018 жылы аяқтайды. Қазір мұнда Оңтүстік Кореялық мердігер ұйым жұмыс істейді. Бұл жайында «КазАвтоЖол» АҚ ҰК Қарағанды облыстық филиалының директоры Канат Шаймин мәлімдеді.
Облыста республикалық маңыздағы жолдардың 477 шақырым бөлігі жөндеумен қамтылған. «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізінің бөлігін қайта қалпына келтіру «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
- Бүгінгі күнде ұзындығы 74 шақырым «Анар-Теміртау» жол бөлігін қайта қалпына келтіру толығымен аяқталды. Қазіргі таңда ұзындығы 34 шақырым «Батпақ-Баймырза» жол бөлігін қолданысқа беру жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, ұзындығы 15 шақырым «Теміртау-Қарағанды» бағытын қалпына келтіру жалғасуда, - деді Канат Шаймин.
Оның айтуынша жолды қалпына келтіру бойынша барлық жұмыстар 2018 жылы аяқталады.
- Бүгінгі таңда жолдың сол жағынан ұзындығы 11 шақырымнан астам цемент-бетон қаптамасы төселді. Мердігер ұйым ұзындығы 9,5 шақырым жолдың оң жағын талдауға кірісті. 30 қыркүйекке қарай жолдың 5 шақырым бөлігі бетон төсеуге дайындалады. Сосын жолдың оң жағына бетон төсеу басталады, - деп хабарлады спикер.
Жұмыстарға оңтүстік-кореялық фирма жұмылдырылды.
Облыс бойынша 2 700 шақырымнан астам республикалық маңызы бар жол өтеді. Оларды қалпына келтіру, жөндеу және тұтынуға 2017 жылы 19 млрд теңге бөлінді.
Бұл жылы «Жезқазған-Қарағанды» жолын көптен күткен жөндеуге қаражат табылды. Өткен жылы басталған «Жезқазған-Қызылорда» автожолындағы жөндеу жұмыстары аяқталады. «Ақтау-Бастау-Теміртау» автожолындағы түбегейлі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады.

[12 3  >>