Айдархан
Айдархан
Оффлайн
Салеметсіздрем, мен Алмматы облысы Іле ауданның тұрғынымын, бірақ автокөлігімнің тіркеуі Талдықорған қаласында. 1 жылдық абонетті қлай алам?.

Ответ принят

Super User
Super User
Оффлайн
Четверг, Мая 16 2019, 05:20 PM - #Постоянная ссылка
Құрметті Айдархан!

Жергілікті көлікке жолақы үшін жеңілдік ретінде абоненттік төлем енгізілген. Бір жылдық абоненттік төлемнің мөлшері 1000 теңгені құрайды.

Жергілікті көлік – бұл бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік.

Автокөлік құралдары «ақылы уческеге» іргелес ауданда тіркелген Тұтынушылар абоненттік төлемдерді рәсімдей алады. Яғни:

- «Алматы-Қапшағай» учаскесі– Іле ауданы, Қапшағай қ.
- «Алматы-Хоргос» учаскесі – Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов аудандары.

Қазақстан Респуликасының инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» №904, №903 бұйрықтарына сәйкес, Талдықорған қаласында тіркелген көлік құралдарының иелері абоненттік төлемдерді рәсімдеуге мүмкіндігі жоқ.

Анықтама үшін телефондар: +7 7172 64 87 92, +7 7172 64 87 85.

Өтініш қалдырғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!

#ҚазАвтоЖолБаспасөзқызметі
Этот ответ в настоящее время свёрнут Показать
Ответы (0)
  • В этом обсуждении пока нет ответов
Ваш ответ